Түркістан: 4 Ірі инвестициялық жоба іске қосылды

48

Түркістан облысында қазіргі таңда жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгелік 4 жоба іске қосылып, 154 жұмыс орны құрылған. Ағымдағы жылы Түркістан облысында 18,3 млрд. теңгені құрайтын 587 жаңа жұмыс орнымен 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Өңірде 2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды – инновациялық даму бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасына 299,7 млрд теңгені құрайтын 5 171 жаңа жұмыс орнын құрумен 32 инвестициялық жоба енгізілген.

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 478,6 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,1 млрд теңгенге жеткен.

Гүлдана Дәурен