Қаржы пирамидаларының құрығына ілігетіндердің көбі әйелдер. Қаржы мониторингі агенттігі осындай дерек келтірді.
Әрі әлеуметтік әлсіз топ өкілдері алаяқтарға көп ұрынады. Өйткені, аз уақытта көп ақша табасың деген жалған сөздерге еріп кетеді дейді.
Агенттік мамандарының айтуынша биыл 16 қаржы пирамидасы жойылған. Ал оған қатысы бар 35 адам заң алдында жауап беріп жатыр. Олар 19 мың адамнан 16 миллиард теңге жинап алған. Сондай-ақ. қаржы пирамидасын жарнамалаған 130-ға жуық сайт бұғатталған.
Шынар Оразова