Чернобыль мен Семей атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына отыз жылдан асып кетті. Осыған орай қаладағы «Тағзым» алаңында жарылыс зардабынан қаза тапқан боздақтарды еске алу шарасы өтті. Жиналған қауым еске алу шарасы аясында ел тыныштығын күзетіп тұрған блок-бекеттердегі әскеридерге көңіл бөлуді де ұмыт қалдырған жоқ.
Бұл дайындалып жатқан ас қала аумағындағы блок-бекеттерде тұрған тәртіп сақшылары мен сарбаздарға үлестірілмек. Чернобыль мен Семей полигонының ардагерлері барлық шекарашыларды түскі аспен қамтамасыз етуге тырысамыз дейді.
Шавкат Исламқұлов, аспаз: «120 келі палау басып жатырмыз. Чернобыль мен Семей орталығында болған апатқа қатысқан ардагерлер елді қорғап жатқандар азаматтар, соларға осы ардагерлер жиналып, беретін тамағымызды беріп отырмыз. Құдай қаласа, қабыл болсын, еліміз аман болсын».
Жиналғандардың тағы бір мақсаты — Чернобыль және Семей полигоны кезінде зардап шеккендерді еске алу. Бұл ядролық апаттар дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстардың бірі болған еді. Бүгінде олардың көпшілігі денсаулықтан айрылған бірінші және екінші топ мүгедегі. «Тағзым» алаңында бас қосқан көпшілік сол қасіретті жылдарда қаза болған боздақтарды еске алып, құран бағыштады.
Серікбай Омбаев, полковник: «Қазіргі таңда бәріміз мына жерде Чернобыль апатын жоюға қатысқан ҚР азаматтары мен Семей сынақ азаматтарының ұйымдастырып жатқан іс-шарасына қатысып жатырмыз. Бұлар кешегі сұрапыл кезеңде қайтыс болған азаматтарға арнап, құран бағыштап жатыр, мал сойды. Алла Тағала бұлардың бағыштаған құранын қабыл етсін!».
Ал мынау қалаға кіреберіс тұстағы бекет. Мұнда сақшылар еліміздегі төтенше жағдайға байланысты күндіз-түні ел тыныштығын кірпік қақпай күзетеді. Ұйымдастырушылар мұндағы сарбаздарға ыстық тамақ пен сусын таратты.
Әлихан Файзханов