Түркістан облысында 10 күнге созылған төтенше жағдай режимі кезінде блокбекеттерде 12 қылмыс тіркеліп, 11 адам қамауға алынды. Ұсталғандар — Алматы мен Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар.
Олардан айғақты зат ретінде қару мен тоналған мүліктер тәркіленген. Жалпы 25 000-нан астам автокөлік тексеріліп, оның 200-ге жуығы айыптұраққа қойылған. Жетісай ауданындағы блокпоста қолға түскен үш жолаушыдан түрлі үлгідегі 11 ұялы телефон, 2 ноутбук пен зарядтау құрылғысы тәркіленген.
Сонымен қатар, Түркістан облысының тағы екі тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Өңірдің бас полицейі Қайрат Дәлбеков жағдайдың тұрақты екенін жеткізді. Облыс полицейлері 100 пайыз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған.
Әлихан Файызхан