103 пультіне Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы орталық аудандық ауруханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Белгілі болғандай, бөлімшелердегі бір палата өртке оранған, онда төсек-орын жабдықтары жанып жатқан.
Жедел әрекеттің арқасында өрт сөндірушілер ғимараттан 57 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Жалындаған өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.