Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзартты. Комитеттің хабарлауынша, жүктеменің өсуіне байланысты «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар тіркелді.
Қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан, салық есептілігін ұсыну мерзімі 3 жұмыс күнге, яғни 2022 жылғы 18 ақпанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.
Шынар Оразова