Салық төлемдері бойынша қарыз 14 млрд. теңгеге жуықтаған

56

Елде көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталады. Халықтың транспорт бойынша қарызы 13 млрд. 900 млн. теңгеге жеткен.

Кірістер комитетінің мәліметінше,  міндетті төлемге 266 мыңнан аса адам борышкер. Алматының өзінде тұрғындардың автокөлік салығына қарызы 3 млрд. теңгеден көп. Мегаполисте 32 мың адам әлі қарызын қайтарған жоқ. Салық мөлшерін кіріс комитетінің ресми сайтына кіріп, есептеуге болады.

Шынар Оразова