Жалдаған пәтердің 50 пайызы төленетін бағдарлама мамырда басталады

179

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен 70 мың адамға жалдап отырған пәтерінің 50 пайызын мемлекет төлейді деген шешім шыққанын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады. Айтуынша, елімізде 590 мың адам үй кезегінде тұр. Оның 210 мыңы әлеуметтік жағынан әлсіз.

Көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар. 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар жандар, жетім балалар. Мамырда бастауын алатын бағдарламаны Отбасы банкі жүзеге асырады. Жалға беруші мен екеуінің арасында келісім болады. Сол келісім бойынша шығынның 50 пайызын мемлекет төлеп береді.

Төлемді алу үшін ЭЦҚ арқылы «Отбасы» банкінінің «Баспана маркет» платформасына кіріп, өтініш беру қажет. Өтініш қабылданса, арнайы шот ашып, сол шотқа жалға алатын соманың 50 пайызын салу міндет. Сонда мемлекет қалған 50 пайызды аударады.

Шынар Оразова