1-ші сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

131

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы көлік салығын өз мерзімінде төлеуге шақырады.

2021 жылға міндетті төлем бойынша есеп айырысу 1-ші сәуірде аяқталады. Айта кететін жәйт, ауданда 3 809 тұрғынға жеңілдіктер қарастырылған.» Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, ҰОС арадегрлері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бір көліктің салығын төлеуден босатылады. Айта кетейік, ауданда 4 мыңнан астам тұрғынның көлік салығына 220 млн. көлемінде қарызы бар.


Көлік салығын төлеу мерзімі таяп қалса да, кейбір тұрғындар міндетті төлемді өтеуге асықпайтын сияқты. Олардың қатарында Әль Фараби ауданының тұрғындары да бар.

Айтулы аймақ бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есебіне сәйкес, 2021 жылға 50 805 салық төлеушіден көлік салығынан қазынаға 852 млн. теңге түсуі тиіс. Дегенмен қалада бұл мәселеге бей-жай қарамайтын тұрғындар жетерлік. Мысалы Ақерке Бауыржан уақыт тауып, темір тұлпарының салығын төлеуге келіпті.

Ақерке Бауыржан, қала тұрғыны: «Маман барлығын есептеп жазып берді,  қазір төлеймін. Басқармаға келмесем де болады екен. Мобильді қосымша арқылы үйде отырып төлеуге болады. Қала тұрғындарын көлік салығын төлеуге шақырамын».

Ия, мамандар басқармаға келмей-ақ, е Салық азамат  мобильді қосымшасын жүктеп, не егов порталы, Каспий, Халықбанк арқылы көлік салығын төлеуге болатынын ескертеді.

Ал 2021 жылғы көлік салығын 1-ші сәуірге дейін төлемеген жағдайда мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады. Жеке тұлғаларға берешектерді өндіріп алу хабарламалары жолданып, оны орындау үшін 30 күн беріледі. Ол шарт орындалмаса, салық бұйрығы шығарылады.

Жұман Шерхан, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы: «Көлік құралдары бар  4386 салық төлеушілер  көлік салығынан 220 млн. теңіге қарыз берешегі бар. Олар бойынша бұйрықтар жеке сот орындаушыларына жолданған мәжбүрлеп өндіру жұмыстары жүргізілуде. Біріншіден банктегі есеп-шоттарын жабады, жаңадан шот ашуға шектеу қояды. жылжымайтын жылжымалы мүліктеріне, шет елдерге шығуға шектеу қояды».

Тағы бір ескере кететін жайт, егер берешегіңізге қатысты іс сот орындауышылардың құзырына өтер болса, онда сіз өз қарызыңызға қоса айтулы мекеме қызметкерлерінің ақысын да төлеуге мәжбүр боласыз. Мысалы, егер көлік салығына 100 мың теңге қарызыңыз болса, жеке сот орындаушылары оған өздерінің қызмет ақысы ретінде тағы да сол соманың 25 пайызын өндіріп отырады. Сонда сіз жалпы 100 мың емес, 125 мың теңге төлейсіз.

Сол себепті, мамандар істі сот орындаушыларына жеткізбей, берешектеріңізді және 2021 жылға көлік салығын ағымдағы жылдың 1-ші сәуіріне дейін төлеуге шақырады.

Шынар Оразова