Бидай тиелген вагондар Ресей аумағында иіріліп тұр

139

Ресейдің бидай экспортын тоқтатуы Ақтөбедегі ұн комбинатының жұмысын қиындатты. Еліміздің батыс өңіріндегі ірі кәсіпорын наурыз айында көршілес мемлекеттен 35 вагон бидай алуға тиіс еді. Алайда, тауар Орынбор облысында иіріліп тұр.

Келісімшартқа сай шикізат 14 наурыз күні Қазақстанға келуі керек еді. Енді, өндіріс орны қамбадағы жергілікті қордың бидайын тартып жатыр. Тауар тасымалы жақын арада қайта жанданбаса, комбинат жұмысы  қиындай түседі. Себебі, өндірісте қолданылатын шикізаттың 70 пайызы Ресейден жеткізіледі.

Шынар Оразова