Қос азаматтыққа шектеу қойылмақ

60
фото Түркістан.кз

Бұдан былай азаматтар екі елдің құжатын пайдаланып жүре алмайды. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, бұл келісім ТМД елдерінің уәкілетті органдары арасында жасалды. Ол достастық елдерінен азаматтықтың болу-болмауы, жеке басты куәландыратын құжаттар, көші-қон есебінде тұрған адамдар, шетелдіктерге осы елдерге келуге және онда болуға визалар, жылжымайтын мүлік не мүліктің сипаттағы міндеттемелері, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болатынын айтады.

Сөзінше, бұл құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді.

Әлихан Файзханов