Ұлттық банк төрағасы: «Алдағы күндері инфляция өсуі мүмкін»

53

Қаржы нарығы тұрақсыз. Ұлттық банк төрағасы алдағы күндері инфляция өсуі мүмкін, – дейді.

Қазір оның көлемі бір айда 0,2 пайызға көтеріліп, 8,7 пайызды құрап отыр. Геосаяси жағдай, жаһандық тауар жеткізудің қиындауы мен энергоресурстардың қымбаттауы инфляциялық қысымды күшейтіп жіберді. Оның үстіне азық-түлік пен өзге де тауар бағасының көтерілуі тағы бар.

Инфляцияны ауыздықтау үшін Ұлттық банк төрағасы жанармайдың қымбаттауына жол бермеу керек екенін айтады. Әрі, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді ғана емес, инфляцияға елеулі үлес қосатын басқа да тамақ өнімдері бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс, – дейді.

Шынар Оразова