Жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен…

176

Шымкентте Т. Рысқұлов көшесі бойынан тастанды нәресте табылды. Сәбиді сол маңайдағы тұрғындар байқап, колл орталыққа алып келген.

Қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысы Бақытжан Позиловтың мәліметінше, алғашында нәрестенің жағдайы өте ауыр болған. Жедел-жәрдем диспетчерлері көрсеткен алғашқы көмектің арқасында қазір бала дін аман. Жағдайы бірқалыпты.

Жауаптылар бөпені басында Нұрсәт шағынауданындағы перинаталдық орталыққа жеткізген. Кейін Асар шағынауданындағы балалар ауруханасына ауыстырыпты.

Айта кетейік, нәрестенің салмағы шамамен үш келі, бойы-50 см. Бала дәрігерлердің көмегімен туылмаған. Әзірге сәбидің анасын немесе туыстарын табу мүмкін болмай отыр.

Мөлдір Ибадуллаева