Дендросаябаққа көлігімен кіріп кеткен жүргізушіге полиция айыппұл салды

118

Желіде көлік тізгіндеген ер адамның Шымкенттегі дендросаябақ ішінде жүрген видеосы пайда болды. Бейнетүсірілім авторы көліктің велосипед жолымен жүргенін түсірген. Шымкент полицейлері тәртіп бұзушыны тауып, айыппұл салынғанын айтты.

«KIA CERATO автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша хаттама толтырылды. Жүргізушімен алдын алу жұмыстары жүргізілді», – деп түсіндірді Шымкент полицейлері.