Ерғали Білісбеков тұрғын үй басқармасының басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалатынын айтты. Себебі Ғалымжан Өтенбаев конкурсты заңсыз өткізген көрінеді.
Қазір тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, әкім орынбасары тізімнің жойылу қаупі бар екенін де атап өтті.
Тұрғындар тізімнің орнында қалуын, тек шенеуніктерді алып тастауды талап етті. Егер тізімді жоятын болса, елордаға дейін барамыз деп отыр. Жиналғандардың арасында конкурсқа қатысу үшін үйіндегі малын, көлігін сатқандар да бар.
Е.Білісбековтің сөзінше конкурсқа 30-дан астам шенеунік қатысқан. Оның шамамен 10 шақтысы қазіргі уақытта бас тартқан.
Жақын арада нақты шешім қабылданбайды. Қатысушылар арасынан нақты сұрақтардың жауабын алу үшін арнайы комиссия құрылды.
Артынша Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы «Егер де заң бұзушылықтар анықталса тұрғын үй басқармасының басшысы жауапқа тартыады» деді.
Гүлдана Дәурен