Былтыр коллекторлық агенттіктер банктерден 402 млрд теңге сатып алған.Бұл 811 мың келісімшарт бойынша банкке борышкерлердің қарызы. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, коллекторларға тиесілі қарыз былтырмен салыстырғанда 8 млрд 700 мың теңгеге азайған. Айта кетейік, коллекторлық агенттіктер өтеу мерзімі 90 күннен асқан микронесиені, 180 күн бойы өтелмеген ипотекалық қарызды сатып алуға құқылы. Агенттікте банктен бөлек, халықтың түрлі қаржы ұйымдарынан алған несиесі көп. Мұндай кредит 339 млрд теңгеге жеткен.