Түлкібас ауданындағы Абай атындағы ауыл мектебі — жарты ғасырлық тарихы мен өз дәстүрі бар ең көне мектептің бірі. Мұндағы дәстүрге айналған игі істердің біреуі — төрт жыл бұрын қолға алынған. Ол — мұқтаж жандарға үй сыйлау. Оқу орнын бітірген түлектер ауылдан кеткеніне қарамастан, қайта жиналып, жергілікті тұрғындарға үлкен сый жасады.
Көпбалалы Қажыбековтер отбасы қоныс тойын тойлауда. Олар бүгінгі қуанышын жақындарымен бірге атап өтуде. Жасұр Қажыбек — бірінші топтағы мүгедек. Ол бұрыннан өз үйім болса деп армандаған. Қуанышқа орай, енді бұл отбасының өз баспанасы бар.
Жасұр Қажыбек, Түлкібас ауданының тұрғыны:
«Бес балам және жұбайымен бірге жалдамалы пәтерлерде тұрып келдік. Ақша жетпегеннен кейін, мен такси болып жұмыс істедім. Ал 2019 жылы мен бүйрегім істен шыққаннан кейін жұмысқа жарамай қалдым. 2020 жылдың мамыр айында мені мешітке шақырды. Онда 1983 жылғы түлектер 20 жылдығын атап өтіп жатқанын айтып, маған үйдің кілтін табыстады. Мен басында сене алмадым».
Мейіржан Мәжібай, Абай атындағы ауыл мектебінің 2000 ж. түлегі
«1981 жылғы түлектер 2018 жылы мұқтаж отбасына үй беру эстафетасын бастады. Одан кейін акцияны 1999 жылғы түлектер өткізді. Біз де жалғастырып, осы үйді сыйға тарттық. үйді тауып, бұрынғы иесінен сатып алып, өз күшімізбен жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Ақшаны Абай атындағы мектептің 2000 жылғы барлық түлегі жинады».
Қалыптасқан дәстүрді келесі бітірушілер де жалғастырды. 2001 жылғы түлектер көпбалалы аз қамтылған отбасыға үй сыйлады.
Сержан Тоғайбеков, Абай атындағы ауыл мектебінің 2001 ж. түлегі
«Бес үміткердің ішінен біз бір отбасын таңдап, үйдің кілтін былтыр тапсырдық. Осылайша біз ауылымызға және тұрғындарға көмектескіміз келеді».
Игі істер эстафетасы жалғасын табуда. Түлкібастық түлектер тағы да жаңа үй салып жатыр.
Марат Тұрғынбаев,Абай атындағы ауыл мектебінің 2002 жылғы түлегі:
«Қазір біз 1985 жылғы сыныптастарымызбен үйді жөндеуді аяқтап жатырмыз. Осындай сыйлыққа қуанатын отбасын таба аламыз деп үміттенеміз».
Түлектер үйді шын мұқтаж жандарға тарту етеді. Және баспана кілтін табыстамас бұрын іріктеу жүргізеді. Олар игі істер эстафетасы ауылдың айнымас дәстүріне айналатынына сенімді. Түлектер мұндай бастаманы елдің басқа өңірлері де қолға алады деп үміттеніп отыр.
Гүлдана Дәурен