Сенатор: Кәспікерлік ісіне заңсыз араласқан құзырлы тұлғаларға жаза қатаңдауы тиіс

63

Кәсіпкерлік ісіне заңсыз араласқан құзырлы тұлғаларға жаза қатаңдауы тиіс.Сенат депутаты Андрей Лукин тиісті заңға өзгеріс енгізуді үсынды . Өйткені, шағын және микро бизнес иелерін тексеруге мораторий енгізілгеніне қарамастан  тексерістерін жалғастыруда. Депутаттың пайымдауынша, 2020 жылы әрбір 3-тексеру шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне жасалды. Әрбір 5-тексеру кәсіпкерлердің құқығын бұза отырып жүргізілген. Осы тексерістер кезінде 12 мыңнан аса бизнес өкілдерінің құқығын бұзу дерегі тіркелген. Тіпті, құзырлы емес органдардың тексеріс жүргізгені анықталды. Андрей Лукин осы органдарды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру қажет дейді.