Салық түсімі артығымен орындалды

157

Әл- Фараби ауданы бойынша кірістер басқармасы 2022 жылдың бірінші тоқсанын аяқтады. Бюджетке 13 млрд. 924 млн. теңге түсу жоспарланған болса, есепті мерзімде ол көрсеткіш 534 млн-ге артығымен орындалып, қазынаға 14 млрд. 470 млн. теңге түскен. Жүйелі жұмыстың арқасында жоспар 103,9 пайызға орындалды. Бұл туралы басқарма басшысы брифингте мәлімдеді.

Мемлекеттік бюджет жоспары 103.9 пайызға орындалып, есепті мерзімде қазынаға 545,2 млн. теңге артық түскен. Атап айтқанда: Республикалық бюджеттің бастапқы жоспары 7 млрд. 20 млн теңге болса, ол 314,4 млн. теңге артық өндіріліп, түсім 7 млрд 335 млн теңгені құрады. Ал жергілік бюджет бойынша жоспар 103,3 пайызға орындалып, қазынаға 230,8 млн теңге артық өндірілді. Әл -Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы берешектерді өндіру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесіне тоқталды.

Бақдәулет Ашенов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: «Салықтардан қарызы болса, есепшоты бүғатталады. Жыл басында 5 млрд. теңге қарызымыз болса, 46,6 млн. теңгеге төмендетілді. Ал борышкерлердің саны  17 пайызға төмендетілді. Әлеуметтік салықтар бойынша жыл басында 116 млн. теңге қарызымыз болса 74 млн. теңге төмен түсірілді. 35 пайызға төмендетілді».

Мүлік , көлік салығынан қарызыңыз болса оны сот орындаушылар мәжбүрлеп өндіру үшін бірқатар шараларды қолданады. Ол- борышкердің банктік есеп шотына шектеулер қою, жылжымайтын мүліктерді тәркілеу, оны әрі қарай аукцион арқылы сату . Сонымен қатар бюджет алдында берешек қарызыңыздан бөлек, өндірген қызметі үшін тағы 25 пайыз алады.

Әл Фараби ауданында 8105 заңды тұлға және 14 942 дара кәсіпкер тіркелген. Салық салу объектілері 47 624 , болса, 39 106 мүлік салығын төлеуі тиіс. Брифинг барысында 2021 жылға мүлік салығы бойынша міндетті төлемді өтеуге қатысты сұраққа басқарма басшысы толыққанды жауап берді.

Бақдәулет Ашенов, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: «Мүлік салығын сіздер үйден шықпай-ақ Е салық Азамат мобильді қосымшасы арқылы төлейсіз. Басқармаға келудің, сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ, үйіңізден не жұмыс орныңыздан міндетті төлеуге мүкіндігіңіз бар. 2021 жылдағы мүлік салығын төлеу мерзімі  ағымдағы жылдың 1-ші қазанында  аяқталады, ал көлік салығын төлеу мерзімі  биыл 1 сәуірде  аяқталды».

Жеке тұлғалардың көлік салығынан 860 млн. 242 мың теңге есептеліп базаға енгізілді. Сәуірдің басында 12 437 жеке тұлғаның көлік құралдары салығына қарызы 266 834 мың теңгеге жеткен. Тиісті хабарламамалар электронды және қағаз түрінде жолданды.

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылы арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін «—Салық Бизнес» мобильді қосымшасын іске қосылғанын хабарлайды.

Шынар Оразова