Жол апатынан 21 жастағы жігіт қайтыс болды

84

Қайғылы оқиға бүгін түн ортасында орын алған.  Д. Қонаев даңғылы мен Тәжібаев көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды ОТЫРАР

Бағдаршам маңында екі көлік соқтығысқан. Нексия ұшып кетіп, бағдаршамға соғылып, шұңқырға құлаған. Оның ішінде үш адам – жүргізуші мен екі жолаушы болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Қалғандары ауруханаға жатқызылды. Тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.