Атына 46 көлік құралы тіркелген азаматтың салыққа қарызы 4,3 млн. теңгеге жеткен

48

Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментіндегі өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы  Бауыржан Омартаевтың

Бауыржан Омартаев

берген мәліметі бойынша Шымкент қаласында көлік салығын жылдап  төлемеген  азаматтардың тізімі:

Бекжанов Алмастың берешегі – 6,1 млн.теңге, меншігінде 2 көлік құралы тіркелген;
Сейдахметов Марленнің берешегі – 4,4 млн.теңге, меншігінде 3 көлік құралы тіркелген;
Жабаев Ермембай берешегі – 4,3 млн.теңге, меншігінде 46 көлік құралы тіркелген;
Халдаров Кудратулла берешегі – 3,7 млн.теңге, меншігінде 2 көлік құралы тіркелген;
Күзенбаев Ғани берешегі – 3,5 млн.теңге, меншігінде 2 көлік құралы тіркелген;
Адилов Бахтияр берешегі – 3,3 млн.теңге, меншігінде 5 көлік құралы тіркелген;
Ахмет Абай берешегі – 3,2 млн.теңге, меншігінде 1 көлік құралы тіркелген;

Сала мамандары аталған азаматтарды міндетті төлемді өтеуге шақырады.

Шынар Оразова