Бүйрек трансплантациясын жасатқан әйелдің өмірі қалай өзгерді?

158

Донорлық ағзаны трансплантациялау көп жағдайда созылмалы ауруы бар адам үшін өмір сүрудің жалғыз мүмкіндігі. Біздің кейіпкеріміз Меруерт Бекзатоваға 2017 жылы қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері бүйрек трансплантациясын жасаған. Ал Донор Меруерттің жұбайы болды. Келіншектің өмірі күрделі хирургиялық отадан кейін қалай өзгерді?

Меруерт Бекзатова 5 жыл бұрын бүйрегіне трансплантация жасатқан. Ал жолдасы Меруерттің доноры болды. Қазір қиындықтың бәрі артта қалды. 40 жастағы әйел салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, спортпен кәсіби түрде шұғылданады. Меруерт әрдайым өзіне ота жасаған дәрігер-трансплантолог Вячеслав Лимен жеткен жетістіктерімен бөлісіп отырады.

Меруерт Бекзатова, Шымкент қаласының тұрғыны: «2017 жылы маған бүйрек трансплантациясы жасалды, күйеуім донор болды. Көзімді ашқанда, өзіміді қайта дүниеге келгендей сезіндім. Бұл маған берілген екінші мүмкіндік деп ойлаймын. Енді мен жақсы өмір сүруді, дұрыс тамақтануды ойлана бастадым. Дәрігеріме, ота жасаған барлық жанға алғысымды білдіремін!».

Вячеслав Ли, №1 ҚКА нефрология бөлімшесінің меңгерушісі: «Ол 1,5 жыл бойы гемодиализбен жүргеннен кейін бүйректің терминалды жеткіліксіздігіне әкелген. Оның күйеуі донор болуға сұранды. Біз толық сараптама жүргізіп, ота жасадық. Трансплантацияның өзі – қайта туылғанмен бірдей. Гемодиализде болған пациенттер 1-ші топтағы мүгедектер болып есептеледі және диета ұстап, өздерін тамақтан шектейді».

Оңалтудан кейін Меруерт өмірін өзгертіп, спортпен шұғылданамын деп шешкен. Ол жүзу, жүгіру, триатлон сынды жарыстарға үнемі қатысып отырады. Тіпті шетелдік марафондарға да қатысып, үздік үштікте болған.

Меруерт Бекзатова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Операциядан кейін бір айдан соң мен әртүрлі жаттығулар жасай бастадым. Бір жылдан кейін жүгіру және жүзуді кәсіби түрде бастадым. Өткен жылы мен халықаралық жарыстарға бардым, Түркияда болдым. Шымкентте триатлонға қатысып, менің жасымдағы қатысушылар арасында бірінші орынға ие болдым. Қиын жарыс болды, 750 метр жүзу, 20 шақырым велосипедпен және 5 шақырым жүгіруден өту керек болды. Осы кезеңдердің барлығын мен 1 сағат 49 минутта еңсеріп шықтым. Бұл өмірдегі ең үлкен жетістік болды».

Меруерттің алға қойған үлкен жоспарлары бар. Ол Ұлыбританиядағы трансплантация жасатқан жандар арасындағы жарыстарға қатысуды армандайды.

Гүлдана Дәурен