Мұнай бағасы төмендеді

57

Мұнай бағасы төмендеді. Шикізат нарығына тоқталсақ. Әлемдік геосаяси жағдай құбылып тұрған бұл уақытта мұнай қайта арзандап жатыр.

«Brent» сұрыпты мұнай баррелі 111 долларға саудаланды. Ал Америка мұнайының баррелі 106 доллар шамасында. Өткен аптадан бері қара алтын құны екінші рет төмендеп отыр. Бұған доллардың нығая түскені әсер еткен.

Оның үстіне инвесторлар Иранмен ядролық келісімді қалпына келтіру үшін «G жеті» кездесуінің нәтижесін күтіп отыр. Ойыншылар энергияның қымбаттауы, ресейлік мұнай мен газ импортын алмастыру мәселесін талқылайды.

Шынар Оразова