Қант импортына баж төленбейді

135

Қарашаға дейін қант импортына баж төленбейді. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезектен тыс отырысында ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына арналған квотаны 31 қазанға дейін ұзарту туралы Қазақстанның ұсынысы мақұлданды.

Бұл шара ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Үкімет басшысының орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазір бірқатар елдермен қантты көбірек жеткізу туралы келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді.

Шынар Оразова