Шымкентте жаңа Kia Sportage көлігі таныстырылды

85

Шымкентте жаңа Kia Sportage көлігінің тұсаукесері өтті. Бұл КИА желісінің бесінші буыны және ең ыңғайлы заманауи техникалық туындысы. Сондықтан таныстырылымда алғашқы көрсетілім келушілердің есінде ерекше қалуы үшін түрлі шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.

Әлемдік автосалондар дәстүрі бойынша жаңа кроссовердің тұсаукесері үздік шоу-бағдарлама негізінде өтті. Мұнда тамаша таныстырылымның шақырылған қонақтар есінде ұзақ уақыт сақталуы үшін барлығы жасалған. Ал Шымкенттік автокөліктер нарығында дәл осындай сегменттегі ерекше сипаттамаға ие жаңа кроссовердің пайда болуы – шын мәнінде қайталанбас оқиға.

Әлім Жұманов, DOSCAR дилерлік орталығының директоры: «Жаңа Kia Sportage жылдам және ерекше дизайнға ие. Автокөлік қай жерде болсаңыз да, қайда барғыңыз келсе де жолда өзін одан да сенімді сезінуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялармен жасалған. Бұл қашан да қозғалысты ұнататындар үшін, жаңа мүмкіндіктер іздеп жүргендер үшін құрастырылған. Әрқашан Шабыт сыйлайды».

Kia Sportagе-дің артықшылығын сағаттап сөз етуге болады. Аталған көліктің интерьерін құрастырушы премиум-класс санатытындағы автомобиль мен әккі жүргізушілерге арналған дизайнды біріктіріп жасаған. Сонымен қатар, жаңа Kia-ның түрлі түсті сыртқы бояуы көлік иесінің өзін әлемдегі ең дара көлік басқарушысы ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.

Анора Ашурова, DOSCAR дилерлік компаниясының маркетинг жөніндегі маманы: «Бүгін DOSCAR дилері қалада бірінші болып жаңа Kia Sportage көлігін таныстырды. Қонақтарымыз KIA көлігінің осы үлгісін бағалау үшін рөлге өздері отырып, тексере алады, барлығын жаңа Kia Sportage-ді сатып алуға DOSCAR дилерлік орталығына шақырамыз. Жаңа көлік үлкенірек, кеңірек және сәнді болып шықты. Аталған көлікті қолма-қол ақшаға да, автонесие бағдарламасы бойынша да сатып алуға болады. Сіз Kia Sportage көлігіне кез келген конфигурацияда және түс схемасында DOSCAR дилерінде тапсырыс бере аласыз».

Автосалон қонақтары жаңа көліктің жасалу технологиясы мен сапасына өзіндік баға берді. Сондай-ақ қала тұрғындары өзін осындай ыңғайлы да әсем техниканың иесі ретінде сезініп көруге мүмкіндік алды.

Сопбек Шәмші, Шымкент қаласының тұрғыны: «KIA брендін біздің жүргізушілер бұрыннан жақсы көреді. Жаңа Sportage сөзімді тағы да растап отыр. Бұл көлік өте ыңғайлы, себебі іші кең, жайлы және жылдам жүреді. Ал халық үшін ең бастысы – сол ыңғайлылық. Ал оған үнемділікті қоссақ, онда біз ең жақсысына қол жеткіземіз деген сөз. Менің ойымша, мұнда барлық үздік автомобиль технологиялары жинақталған».

Кеш бойы жаңа Kia Sportage көлігінің тұсаукесеріне арналған шоу-бағдарлама қонақтар үшін бөлек тосын сый болды. Ал швед үстелі мен жүлделі жарыстар кештің көркін келтірді. Сондықтан да ерекше сезімге бөленген келушілердің көбісі керемет көлікті тағы да сынап көруге келетінін айтады.

DOSCAR автосалонының мекенжайы: Шымкент қаласы, Жібек жолы даңғылы, 66
Тел.: +7-(771)-020-10-10