Ипотека рәсімдегендер үлесі жоғары

31
фото крыша

Биыл елде ипотекалық несие алғандар көбейді. Тұрғындарға баспана алу үшін 900 млрд. теңге кредит берілген. Былтырға қарағанда ипотека сомасы 147 млрд. теңгеге артық.

Дегенмен нарықта тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін бағдарламаның көбін, нақтырақ айтқанда 90 пайызын мемлекет қаржыландырады. Сондықтан сыйақы төлеуге ел қазынасынан бөлінетін ақша да көбейді. Былтыр бұл бағыттағы мемлекет шығыны 62 млрд теңгеден асқан. Елде Отбасы банк арқылы ипотека рәсімдегендер үлесі жоғары.

Сонымен бірге азаматтар үй алып, емделуге және ақшаны инвестициялық басқаруға беру үшін зейнетақы қорында шекті мөлшерден асқан артық соманы пайдаланды. Бұл нарықта пәтерге сұранысты арттырып, тұрғын үйдің қымбаттауына әсер еткенін айта кетейік.