Көлік салығынан шымкенттіктердің берешегі 1 млрд. 300 млн. теңгеден асқан

59

Шымкентте 30 мыңнан астам азамат көлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Олардан өндірілуі тиіс салық 1 миллиард 300 миллион теңгеден асады. Дені – қымбат автокөлік мінгендер. Және меншігінде бірнеше машинасы барлар.

Мәселен, атында 8 көлік тіркелген тұрғынның берешегі 5 миллион теңгеге жеткен. Қарызы қыруар 100 азаматтың тізімі жасалып, мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтына жарияланды. Олардың көлігін тіркеуден шығаруға тыйым салынды.