Мемлекеттік грантқа 29 тамыздан бастап өтінім қабылданады

82

Шымкентте 29 тамыздан бастап 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант алуға өтінім қабылдау басталады. Өтінім «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн қабылданады. Қатысу үшін порталға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелуі қажет.

Өтінім беру үшін:
~Порталда тіркелу;
~грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
~порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
~өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Ал интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына жүгінуге болады.

Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
✓тіркелген жұмыссыздар;
✓29 жасқа толмаған, 3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
~еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
~қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;
~өңіраралық қоныс аударушылар
~атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
~мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
~асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-жастар (29 жасқа дейін).

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс. Айта кетейік, өтінім 29 тамыздан 9-шы қыркүйекке дейін қабылданады.