Елімізде 1 миллион 300 мың адам несие өтеу мерзімін 90 күннен өткізіп алған. Заң жобасы бойынша 1600 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешегі бар азаматтар қаралады.
Нақты айтсақ, банкте, микроқаржы ұйымдарында, коллекторларда қарызы бар адамдар. Өтініш берушінің ресми кірісі жоқ, табысы жанұядағы адамдарың көнкөріс деңгейінен аспауы керек. Егер азаматтың жеке мүлкі болса, ол сатылып қарыздарын жабуға жұмасалды.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміне жылжымайтын мүлігі жоқтар да қатыса алады. Оларға қарызды бөліп бөлу қарастырылған. Айта кететін жайт, аталған жүйені қолданғандар 5 жылға дейін несие рәсімдей алмайды. Борышкерлер өтінішті сот емес электронды азаматтық портал арқылы жібере алады. Оны өкілетті органдар қарап, сосын шешім шығарады. Сондай-ақ бұған алимент, адамдардың өмірі мен денсаулыққа зиян келтіру бойынша қарыздары барлар қатыса алмайды.