16 мың кәсіпкердің банкке берешегі 1 трлн. теңге

42
фото сот.кз

Бизнестің өтелмеген қарыздарын енді инвесторлар сатып ала алатын болды. Жаңа заң 4 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Бұрын борышкерлердің қарызы мемлекет, банктер, коллекторлық агенттіктер мен басқа да қаржылық ұйымдарға ғана берілетін. Олардың тәркіленген мүлікке қаржы құйып, кәсіпті жалғастыруға құқы болған жоқ.

Енді инвестордың бұл активтерді одан ары дамытуға мүмкіндігі бар. Шара банктерді төленбеген несиелерден мемлекеттің қаражатынсыз тазартуға бағытталған. Инвесторға берешектерді басқару және талдау бойынша сервистік агенттіктер қызмет етеді.Елімізде 16 мың кәсіпкердің банкке берешегі бар. Қарыздың жалпы сомасы 1 триллион теңге.