Салық декларациясын тапсыру мерзімі 15 қыркүйекте аяқталады

38

Салық декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына 4 күн қалды. Дегенмен, бүгінге дейін 85 мыңнан астам адам декларация тапсырмаған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Міндетті азаматтар санаты мынадай: мемлекеттік қызметшілер мен жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын ұсынған адамдар/ биылғы кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы тиіс.

Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты. Егер, құжат уақытылы тапсырылмаса, алғашында ескерту жасалады. Жағдай бір жыл ішінде қайталанса, он бес айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлейді.