Жер телімі инфрақұрылыммен қамтылған елдімекендерде беріледі

191

Жер берсе, үй соғып тіршілігімізді жасаймыз деген азаматтар ауылда да жетеді. Ал Шымкентке жақын орналасқан Ордабасы ауданындағы мамандар Қажымұқан, Шұбарсу ауылдарында жер телімідері елдімекендер инфрақұрылыммен толық қамтылғаннан кейін берілетінін айтады.

Ержан Исмайлов, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары: «Жер учаскелерін беру елдімекендерге су, электр жарығы тартылғаннан кейін барлық егжей тегжейлі жоспар бойынша атқарылған жұмыстардан кейін беріледі. Айта кету керек жоспарда мектеп, аурухана да балабақшалар да қарастырылған».

Аудан аумағынан республикалық, облыстық маңызы бар және қала, ауданаралық жолдар өтеді. Ауданның ағымдағы жылға жалпы өңірлік өнімі 118,9 млрд-ты құрады. Бұл қаржы алдағы бес жылға түзілген ауданның даму жоспарына енгізілген іс шараларды кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді

Ержан Исмайлов, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары: «Президенттің тапсырмасы бар: жол, жаяу жүргіншілер жолы мен жарықтандыру бірінші кезекте мектеп, аурхуналар балабақшадың төңірегінде салынуы тиіс»

Барлығымыз­дың алтын тамырымыз ауыл екенін біліп қана қоймай, соны жастарға насихаттауға, ауылды дамытуға, буынаралық байланысты қалпына келтіруге бар ынта-жігерімізбен жұ­мыс жасауымыз керек дейді маман.