5 млн. гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

52

Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Ведомствоның мәліметінше, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспары мерзімінен бұрын орындалды. Сондай-ақ бұрын тұрып қалған 1,8 млн гектар жерді иелері игеруге кіріскен.

«Осы жылдың өзінде министрліктің жер ресурстарын басқару комитеті республика бойынша 1357 жоспардан тыс тексеру жүргізді», – делінген хабарламада.
Айта кетері, биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан президенті жер мәселелерін тексеру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару жұмысын едәуір жандандырған.