Ресеймен шекарада екі елдімекен құрылады

63

Атырау облысының Ресеймен шектесетін Құрманғазы ауданында екі елді мекен пайда болады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа елді мекендерді құруға 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Мердігерлер инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын аяқтады. 13,1  шақырым  елді мекен ішілік жол, 41,4 километр электр жарығы, 27,4  шақырым ауыз су құбыры және 21,4  шақырым  газ құбыры тартылды. Учаскелер пайдалануға толығымен дайын.
Жаңа ауылдардың тұрғындарын 468 жер теліміне орналастыру жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандарға тұрғын үй салу үшін бір гектардан жер беріледі. Жобаны жүзеге асыруды «Қарағанды ​​жолдары» ЖШС ұйымы өз мойнына алды.
«Құрманғазы ауылында 2016 жылдан бері 2 мыңға жуық адам кезекте тұр. Тұрғындарға кезекпен жер беріле бастады. 60 өтініш беруші жер телімдерін алып үлгерді. Одан кейін келесі 120 тұрғынға кезек бойынша жер телімдері беріледі», – деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.
Жаңа шағын ауылдар «Болашақ» және «Шипажай» деп аталады