Шымкентте қоғамдық көлік қатары 35 автобуспен толықты

41

Шымкентте қоғамдық көліктердің саны резервпен қоса алғанда 1000-ға жетті. Жалпы бүгінде мегаполиске аялдамалар орнатылып, жол сызықтары жаңартылып жатыр. Сонымен қатар автобустардың саны күн санап артып келеді.

Бүгінде жолаушылар үшін қала іші және қала маңындағы 78 бағыт бойынша барлығы 882 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.

Қалалық транспорт бақсармасының мамандары тұрғындар тарапынан көлік санын арттыру туралы өтініштер көбейгенін айтады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Еститін үкімет» тұжырымдамасына сай жергілікті билік өкілдері, халық үнін ескеріп, келесі бағыттарды 35 автобуспен толықтырды:

№45 бағыттағы қоғамдық көлігіне қосымша 4 автобус қосылып, жалпы саны 12 автобус қызмет көрсетеді.

№66 автобус маршрутына 9 бірлік қосылып, автобус саны 16 – ға артты.

№75 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы 12 автобус жолаушыларды тасымалдайды.

№138 автобус маршрутына 1 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 11-ге жетті.

№17 автобус маршрутына 3 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 13 болды.

№34 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 14 болды.

№149 автобус маршрутына 4 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 10 болды.

№55 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 8 болды.

№150 автобус маршрутына 2 бірлік қосылды.

№139 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 14 болды.

№20 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы автобус саны 10 болды.

№171 және №171А автобус маршруттарына жалпы 2 бірлік қосылып, жалпы саны 7-ге артты.

Аталған бағыттағы қоғамдық көліктері қазан айынан бастап жаңа бекітілген кестемен жолаушыларды тасымалдай бастады.

Жалпы жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынған еді. Қазіргі уақытта барлығы қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызет көрсетуде, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлінді, инвестор анықталып, құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр.

Айта кетейік, бүгінде мегаполисте жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетіп жатыр. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар үлесі 89%-ға жетті.