10 көшеге аяқжол салу жұмыстары жүргізілді

26

 

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының барлық сындарлы өтініш-тілектері жедел әрі тиімді қарастырылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қала әкімі М.Әйтенов ағымдағы жылы тұрғындарды жеке қабылдап, түскен өтініштер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берген болатын. Осыған орай, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аялдамалар, жол белгілері, аяқжолдар орнатылып, шағын аудандарға асфальт төселіп, шұңқырлады жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Соның бірі – Қаратау ауданы аумағындағы Көшеров көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолы тұрғындардың өтінішін ескере отырып жасалды. Сонымен қатар, қала аумағындағы
Саяжол көшесіне, Көшеров көшесіне, К.Цеткин мен Қапал батыр көшелерін байланыстыратын Көлбаев көшесіне
Шапағат-2 шағын ауданындағы мешітке қарай баратын атауы жоқ көшесіне, Хан тәңірі көшесі,Парасат көшесі,Жібек жолы көшесі, Набережная көшесі,Кенесарин көшесі және Гозахан көшесі.