Ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін әзірлейтін жұмыс тобы құрылды

49

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін әзірлейтін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл әдістеме ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады.

Оның мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңымен белгіленеді. Ағымдағы жылы ең төменгі жалақы 60 мың теңгені құрайды, ал 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.Осылайша, екі жыл ішінде ЕТЖ мөлшері 65% көтеріледі.Бұл шара жалақысы ең төменгі деңгейде 1,6 млн жалдамалы қызметкердің ақшалай табысының өсуіне әкеледі.