Медициналық көмек қолжетімді болмақ

43

Ауылға баратын медицина мамандарының кемінде 3 жылдық тәжірибесі болуы міндетті. Сонымен бірге, оларға 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы беріледі.

Үкіметте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын таныстырған Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Бұдан бөлек, оқу бітірген резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін пилоттық жобаның пысықталып жатқанын айтты.

Ауылдағы медицинаны дамыту үшін Ажар Ғиният елдің өңірлерінде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектілерінің құрылысы басталды, дейді. Кадр жетіспеушілігін жою үшін 61 колледж тартылған. Яғни, оқу бітірген түлектердің жұмысы дайын деген сөз. Аталған жобаны жүзеге асыруға 217,7 миллиард теңге сұралған.