Өнеркәсіптік ипотекаға несие беру шарты белгілі болды

9

Келер жылы Алматыда пайда болатын өнеркәсіптік ипотека қарыз 70 млн теңгеден аспаса, жылдық 2% мөлшерлемемен беріледі. Бұл шағын өнеркәсіп паркі иесі үшін.

Ипотека сомасы 70 млн. теңгеден асса, жылдық мөлшерлеме 6% болады. Ипотекалық бағдарлама үш еншілес компания арқылы беріледі. Жалпы кредит 500 млн теңгеге дейін 7 жылға беріледі. Алматыда 2030 жылға дейін 100 жаңа шағын өнеркәсіп паркін ашу жоспарланған. Бұл алаңдарда мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істей алады.

Жеке инвестиция 300 млрд теңгеден асады. Сонымен бірге жоба 20 мың адамды жұмыспен қамтуы мүмкін.