ЕО мүше елдер газ бағасын шектеу туралы келісімге келді

37

Еуропа Одағына мүше елдердің энергетика министрлері газ бағасын шектеу туралы келісімге келді. Көгілдір отынның қымбаттауына қарсы шара ақпанның 15-нен бастап енгізіледі.

Еуропаны энергетикалық дағдарыстан алып шығуға бағытталған келіссөздер бірнеше апта бойы жалғасты. Ұстанымдар қайшылығынан ортақ пікірге келу қиын болған.

Кадри Симсон, Еуропа одағының энергетика жөніндегі комиссары:»Газдың шамадан тыс бағасын шектеуге келістік. Нарыққа түзету енгізу көгілдір отынды үнемдеуге және тұтынушыларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді».