Бір жолаушы аш қалса, 600 мың теңге айыппұл арқалайсың

47
Әуежайларда жанармай тапшы

Бір жолаушы аш қалса, 600 мың теңге айыппұл арқалайсың! «Qazaq Air» авиакомпаниясына арызданған жолаушы соттан жеңіп шықты.

«Ақтөбе-Астана» бағытындағы рейс 4 сағат 40 минитқа кешіккен. Сол күні рейстің кешіккені туралы алдын ала хабарлама беріліп, тамақ пен сусын таратылатыны туралы айтылған. Бірақ, жолаушы тамақтана алмаған. Себебі, ол кезде акционерлік коғаммен келісімшартқа отырған дәмхана жабық болған екен.

Енді, сот үкіміне сүйенсек, «Qazaq AIR» компаниясына 612 мың 600 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев  әр жолаушы арызданып,  өтемақыны талап етуі керек,- дейді.