Úı ANONS Дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілмек

Дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу енгізілмек

«ҚазАвтоЖол» бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізбек.

Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы аптада елімізде қатты аяз болып, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.
«Ауа температурасының төмендеуі салдарынан дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесі қатып қалуы мүмкін», — деп жазылған компанияның хабарламасында.
Күре жолдардағы ахуал туралы 1403 байланыс орталығына қоңырау шалып, білуге болады.