Кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер

58

Ірі бизнес субъектілері салық төлеген кезде қаңтар оқиғасы кезінде келтірілген шығынды шегере алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Мысалы, Төтенше жағдай кезінде тауары бүлініп немесе жоғалған жағдайда корпоративті табыс салығын есептегенде залал сомасын алып тастай алады. Яғни салық мөлшері азаяды. Ол үшін қылмыстық қудалауды жүргізетін органның салық төлеушіні жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі қажет болады. Сонымен қатар, тауардың бүлінгені немесе жоғалғанын растайтын құжат керек.

Одан бөлек қосылған құн салығына қатысты да жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіпкер бұрын есепке алынған бұл салықтың сомасын төмендетпеуге құқылы.