Мемлекеттік бюджеттің кірістері 15,7 трлн. теңгеге артық орындалды

31
қалалық жұмыспен қамту орталығы

Өткен жылы мемлекеттік бюджеттің кірістері 15,7 трлн теңгеге артық орындалып, шығыстар 98%-ке орындалды. Бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындап, барлық саладағы даму бағдарламаларын қаржыландыруға мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 675 объектінің 367-сі бәсекелестік ортаға берілген. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде айтылды.

Жиын барысында бюджеттік жоспарлау, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, цифрландыру, сондай-ақ қаржы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.