Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі қаншаға өскенін мәлімдеді.
«Теріс сыртқы факторларға қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3,1% деңгейде тұрақты өсімге қол жеткізді. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,2%-ті, ал қызмет көрсету саласында 2,5%-ті құрады», — деді министр үкімет отырысында.
2022 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда тауар айналымы 33,4%-ке өсіп, 122,2 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 42,4%-ке өсіп, 77,6 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауар экспорты 33,8%-ке ұлғайып, 24,1 миллиард долларды құрады. Тауар импорты 44,6 миллиард долларға тең.
«Жалпы, оң сауда балансы 33,1 миллиард долларды құрап отыр», — деді Қуантыров.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,4%-ке артқан.