19 наурызда Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы саяси шараға дайындықты бастап кетті. Мәжіліске 98 депутаттың 69-ы партиялық тізіммен, ал 29 депутат бір мандатты аумақтық округ бойынша сайланады.
Енді мәслихат депутаттарын сайлауда әкімнің квотасы деген болмайды. Кезекті науқанға дайындыққа қызу кіріскен аумақтық комиссия, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізуде күнтізбелік жоспар бойынша жұмыс істеп жатыр. 20-шы қаңтардан бастап кандидаттарды ұсыну басталады. Бұл шара 8-ші ақпан күнгі сағат 18.00 ге дейін жалғасады. Әзірге Шымкентте бес партия «Ауыл», «Ак жол», «Аманат», «Казақстан халық партиясы» жане «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» тізім бойынша өз кандидаттарын ұсына алады
Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Шымкент қаласында 16 сайлау округі жасақталды. Саяси партиялар әрбір округ бойынша бір кандидат ұсына алады. Қалалық мәслихатқа 32 депутат сайланады. Әкімнің квотасы биыл қарастырылмаған. Барлық деңгейдегі мәслихат, Мәжіліске -барлық ұсынылған кандидаттардың квота-30 пайызы- арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жастар және әйелдер болуы шарт. Бұл талап орындалмаса біз құжатты қабылдамаймыз».
Республикалық маңыздағы мегаполисте қалалық мәслихатқа 32 депутаттың жартысы партиялық тізіммен сайланса, қалғаны бір мандатты аумақтық округ бойынша сайланады. Кандидаттарды тіркеу 20-шы қаңтарда басталып 18-ші ақпанда аяқталады.
Айна Сарымсақова, Шымкент қаласындағы №7 округтік сайлау комиссиясының төрайымы: «Біз жұмысты бастадық. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істедік, алайда бірде бір кандидат ұсыныс жасаған жоқ. Жұмыс күні басталды, енді күтіп жатырмыз. Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарардың барлығына сәттілік».
Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттар 1 млн 50 мың теңге сайлау жарнасын төлейді. Ал мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін жарна 350 мың теңгені құрайды
Қазақстан бойынша 223 мәслихатқа 3415 мандат ұсынылады. Мәслихат кандидаттарына қойылатын талап ҚР азаматы болуы тиіс, жасы 20 -дан кем емес. Шымкент қалалық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша 19-шы наурызда өтетін сайлауда шаһарда 638 631 азамат өз таңдауын жасауы тиіс.