Түркістан облысының полицейлері ауа райының қолайсыз күнінде күшейтілген қызметте

69

Түркістан облысы аумағында 2023 жыл 9 қаңтар күні тоқтаусыз қар жауып, жолдар көктайғақ болып, қалың тұман түсуде. Осыған байланысты жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, жеке құрамға арнайы тапсырма берді.

Яғни жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау үшін тәртіп сақшылары күшейтілген режимде патрульдеу жұмыстарына кірісті. Оның ішінде көліктер көп жүретін Түркістан-Шымкент бағытындағы жолдар бақылауға алынып, қажетті сақтық шаралары атқарылуда.
Сонымен қатар жауапты мекеме қызметкерлері қар басқан республикалық маңызы бар жолдарды тәулік бойы тазартып, жаңа жауған қарды арнайы техникалармен күреп шығуда. Көктайғақты болдырмау үшін қажетті құм, тұз себілуде. Мұның барлығы болуы мүмкін қандай да бір апатты жағдайлардың алдын алу. Сондықтан полицейлер жол қозғалысы ережесін сақтап, қолайсыз ауа райында аса қажеттілік болмаса жолға шықпаңыздар деп ескертеді!