Ә. Смайылов баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешуді тапсырды

30
баспана кезек
Баспанаға құжат тапсыру

Премьер-министр Әлихан Смайылов баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешуді тапсырды. Қазіргі кезде әкімдіктер әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдардың баспана кезегін жүргізеді. Бірақ осы санаттағы азаматтарды үймен қамтамасыз ету шаралары сапасыз атқарылады.

«Салынып біткен тұрғын үйлерді ала алмай жүрген азаматтардан шағым көптеп түсіп жатыр. Себебі Отбасы банкінде жеңілдікпен несие беруге қаражат жетіспейді. Жұмысқа бұлай салғырт қарауға болмайды», — деді Смайылов үкімет отырысында.

Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингіне мемлекеттік қолдаудың барлық бағытын уақытында қаржыландыруға тапсырма берілді. Ал индустрия және инфрақұрымдық даму министрілігі әкімдіктермен бірге кезекте тұрған азаматтарға үйді жалдау ақысын субсиядиялау жөніндегі шаралардың тиімділігіне қосымша талдау жасауға тиіс. Соның нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленеді.