Түркістан облысының дін істері басқармасының 2023 жылғы жоспарына сәйкес, облыстық ақпараттық түсіндіру тобы «Деструктивті діни ағым жақтаушыларының ерекшеліктері» тақырыбында «Түркістан жоғары медициналық» колледжі мен «Түркістан Ахмет Ясауи» колледждерінде жастармен кездесті.
Кездесуге Түркістан облысының дін істері басқармасы басшысы Р.Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің директоры М.Халықов, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілі, теолог-мамандар қатысты.
Кездесудің мақсаты – жастардың деструктивті діни ағым идеологиясына иммунитет қалыптастырып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру.
Кездесу еркін форматта өтіп, студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар берілді.
Осындай кездесулер өткізу жыл бойында облыс аумағындағы барлық білім беру орындарында жоспарланған.