Мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауды жалғастырады және ынтымақтастықтың жаңа формасы әзірленеді. Президент осылай деді. Мемлекет басшысы Көкшетаудан соң Степногорскке арнайы барды. Онда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.
«Қазақстанның жылыжай технологиялары» аталатын серіктестікке атбасын бұрып, өнімнің сапасын бағалады. Сұранысқа ие екенін айтты. Жылыжай кешенінің ауданы 5 гектар. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,8 миллиард теңге. Биыл баялды және құлпынай өсіру бөлімшелерін іске қосу жоспарланып отыр. Компанияның өнімдері толығымен ішкі нарыққа сатылады.